Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Көкшетауда вирусты гепатитке шалдыққандар саны екі есе азайды

Көкшетауда 2013 жылдың 6 айында 1 адам С вирусты гепатитіне шалдыққан, ал 2012 жылдың сәйкес кезеңінде барлы екі жағдай кездескен.
Ақмола19 Тамыз , 00:00

«2013 жылдың 6 айында Көкшетауда С вирусты гепатитке шалдығудың 1 жағдайы орын алған. Ауруғңа шалдығу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 0,67-ні құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ауруға шалдығу 1 жағдайға азайған», – деді Көкшетау МСЭҚБ эпидқадағалау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Серажиденова.

Көкшетауда В және С вирусты гепатиттеріне мақсатты топтарды скринингтік тексеру жүргізілуде.

«2013 жылы барлығы В және С вирусты гепатитіне скрининг жасауға 283 ересек пен 400 бала жіберілген болатын. Барлығы тексеруден өтті», – деді маман.

Ақмола облысында вирусты гепатиттің алдын алу айлығы аясында бірқатар шаралар өткізіледі. Ашық есік күндері аясында мамандар кеңес беріп, сқрақтарға жауап береді.  




Яндекс.Метрика