Халықаралық интеграция

Ә. Жақсыбеков Франция елшісі Франсис Етьенмен кездесті

Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьенмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Мамыр , 13:21

Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылап, оның орнықты және оң сипатта дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында Бірінші дүниежүзілік соғыстың  басталғанына 100 жыл толуына байланысты  2014 жылы 14 шілдеде Парижде өтетін шараға қазақстандық делегацияның қатысу мәселесі талқыланды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика