Евразиялық одақ

2015 жыл өңірлік интеграцияның шарықтау шегі болады - М.Мұқанов

Аймақтық интеграцияны дамытудың шарықтау шегі 2015 жылы болмақ. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов мәлім етті.
Астана қаласы28 Мамыр , 12:46

 «Ағымдағы жыл  аймақтық  интеграция шеңберінде маңызды жыл болып есептеледі. Өздеріңізге белгілі болғандай ертең тарихи құжат Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қол қойылады. Келісім 2015 жылдан бастап күшіне енеді. Құжатқа қол қою біздің аймағымыздағы кеңістікте сапалы бірлестікке алып келеді. 2015 жыл Аймақтық интеграцияны дамытудың шарықтау шегі болмақ», - деді М. Мұқанов.

Ең алдымен халықаралық деңгейдегі құжаттарды кодтау керек болады. Олардың ішінде 65 келісім мен кормативті-құқықтық құжаттар бар.

«Келісім үш бөлімнен тұрады. Институционалды бөлім құқықтық қамтамасыз ету болса, негізгі бөлім экономиканың басты саласындағы экономикалық реттеу.  Бұл кезеңде 19 сала бар және олар бойынша экономикалық қарым-қатынас мәселелері реттеледі», - деп ол толықтырды.

Келісім аясында тәуелсіздіктің 4 түрін реттейтін ортақ тауар нарығы құрылады.  Олар: тауар, капитал,  еңбек ресурстары мен қызмет көрсету айналымы. «Қызмет көрсету саласында еліміздің әлеуеті жоғары. Бүгінде Қазақстан экономикасында аталмыш сала 53% қамтиды. Біздің байқағанымыз бүгінде қызмет көрсету саласында КО елдеріне Қазақстаннан экспорттың артқаны байқалды», - деп М. Мұқанов қорытты.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика