Евразиялық одақ

Б.Байбек: ЕАЭО-ның ұлттық органдары «бір ел – бір дауыс» қағидасымен жұмыс істейді

Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық органдары «бір ел – бір дауыс» қағидасымен жұмыс істейді, деп мәлімдеді бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Еуразиялық экономикалық интеграция сабақтары» шарасы барысында.
Астана қаласы28 Мамыр , 12:33

«Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық органдары «бір ел – бір дауыс» қағидасымен жұмыс істейді. Жоғарғы кеңес пен ЕАЭО комиссиясы абсалютті консенсуас негізінде шешім қабылдайды. Бұл дегеніңіз, егер әлдебір шешім шығаруда үш елдің біреуі келісім бермесе, онда шешім қабылданбайды. Бұл өз кзегінде үш елдің экономикасының мүдделерін тең құқылы қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді», - дейді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттер қандай да бір мәселені шешуде диалогқа сүйеніп, әрбір мемлекет өз мүддесін сақтай білуі қажет.

«Біз үшін барлық мәселенің өзара келісім шеңберінде шешілгені маңызды. Диалог жолы мемлекеттердің мүддесін сақтауға кепіл», - дейді Б.Байбек.  

Сонымен қатар, ол қандай да бір келеңсіздіктер жағдайында одақтан шығу мүмкіндігіне де тоқталды.

«Келісімнің 118 бабында егер интеграция мемлекеттердің мүддесін аяққа таптап жатса, 12 ай ішінде мемлекеттер одақтан шығуға құқылы. Бұл тек экономикалық одақ, Қазақстан мүддесіне қайшы емес», - деді ол. 

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика