Адамзаттық капитал

2015 жылы үй шаруашылықтарының саны бойынша үшінші зерттеу жүргізіледі

Астанада Статистика агенттігі, БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) және БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қоры (ЮНФПА) арасындағы Қазақстанда мульти-индикаторлық кластерлік зерттеуді (МИКЗ) бірлесіп іске асыру жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылуы шегінде баспасөз конференциясы өтті.
Астана қаласы28 Мамыр , 19:39

 Аталған Меморандум көрсетілген агенттіктер арасында 2015 жылы өткізілетін Қазақстандағы үй шаруашылықтарын саны бойынша үшінші зерттеу жүргізу шеңберінде ынтымақтастық пен серіктестіктің негізін салады, деп статистика агенттігінде хабарлады.

МИКЗ - бұл әйелдер мен балалардың жағдайы туралы ақпарат алу үшін ЮНИСЕФ әзірлеген үй шаруашылықтарын зерттеу.  Әуел бастан МИКЗ балалар туралы халықаралық келісімдерде айтылған мақсаттарға қол жеткізулердегі үдерістерді  мониторингілеу үшін болған Балалар туралы жаһандық саммит нәтижелері бойынша әзірленген болатын.  

«МИКЗ-дың негізгі құжатында тараптардың әрқайсысының міндеті  анықталған, Агенттік бұнда өзіне деректерді енгізу, өңдеу және талдау жұмысын алған, далалық жұмыстарды жүргізу бойынша өңірлік тренингтерде далалық командалар қатысушыларының оқытылуын қамтамасыз етеді; сұрақнамалардың тираждалуын қаржыландырады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.

«Кейде назардан тыс қалатын, әйелдер мен балалардың әл-ауқаты көрсеткіштерін мониторингілеу жұмысы ақпараттың маңызды дереккөзіне айналып келеді және халықаралық рейтингілерде Қазақстанның мәртебесін нығайтуға ықпал етеді. Осында  болғаным және елде үшінші МИКЗ өткізу үшін ЮНИСЕФ барлық қажетті техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін біздің әріптестерімізге жеткізу мен үшін үлкен қуаныш», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілі Джун Кукита.




Яндекс.Метрика