Ұлттың денсаулығы

ДСМ-де донор қанын қолданудың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Министр Салидат Қайырбекова Н. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық хирургия орталығының проректоры, бас трансфузиологы, м.ғ.д., профессор Е.Жибуртпен (Мәскеу, Ресей) және Америка Қызыл ай қоғамының медициналық директоры, Солтүстік Америка бойынша Халықаралық трансфузиологтар қауымдастығының аймақтық бөлімінің директорлар кеңесінің мүшесі, Джордж-Таун университетінің профессоры Ричард Бенджаменмен, (Вашингтон, АҚШ) кездесті, деп ведомствода хабарлады.
Астана қаласы28 Мамыр , 12:59

Отандық қан қызметін дамыту және халықаралық стандарттарды тәжірибеге енгізу жағдайында дамыған елдердің тәжірибелерінің үлгісінде қан компоненттерінің қауіпсіздігі, қан қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманаи технологияларын енгізу өзектілік мәселе болып табылады.

Талқылау барысында профессор Жибурт Қазақстанның қан қызметіне, әсіресе трансфузиялық қауіпсіздіктікті қамтамасыз ету саласына жоғары баға беріп,  Қазақстан бұрыңғы Кеңес өкіметтері арасында бірінші болып қолданылуы бүкіл республика ауқымында заңмен белгіленген трансфузиялық инфекцияларға донорлық қанның екі кезеңдік скринингті енгізгенін атап өтті.

Одан басқа, тараптар қан қорын басқарудың заманауи әдістері,  қан компоненттері қауіпсіздігінің заманауиы аспектілері, қан қызметі мамандарының біліктілігін арттыру сияқты бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.

 

 

 




Яндекс.Метрика