Өңірлер

«Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан шенеуніктерді шығарады

«Самұрық-Қазына» жаңа трансформация бағдарламасы аясында өз компаниялар директорлар кеңесінің құрамынан шенеуніктерді шығарады. Бұл туарлы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ жетекшілігінің тәуелсіз директорлар мен топ-менеджерлер арасындағы кездесуінде Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.
Астана қаласы 28 Мамыр, 12:14

«Біздің барлық директорлар кеңесіне түбегейлі реформа қажет. Директорлар кеңесінің мүшесін арттырып, құзіреті мен кәсібилігін арттыру керек. Директорлар кеңесінің негізгі бөлігін тәуелсіз директорлар құрағаны жөн. Біз кеше ғана директорлар кеңесінің құрамынан шенеуніктерді шағыру туралы айттық», - дейді Ө.Шүкеев.

Оның айтуынша, трансформация бағдарламасының бір бағыты қызметтің басты көрсеткіштерін жетілдіру болып табылады.

«Қор компанияларының  тобы кеңес беруші рөлін атқара отырып өздерінің білімдері, біліктіліктері мен мүмкіндіктері арқылы біздің үлескер компаниялардың қызметіне мониторинг жасайтын жоғары білікті халықаралық сарапшылар мен сала мамандарын жалдау арқылы құрылуы керек», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда «Самұрық-Қазынаны» трансформациялау бағдарламасы  дайындалуда. Оның аясында 600 отандық компания қайта құрылып, оңтайландырылады. 

Мадина Нұрбекова

Фото- Азамат Алиев 





Дерекнама

Яндекс.Метрика