Евразиялық одақ

Біз болашақта Еуразиялық экономикалық одақтан еліміздің инновациялық серпінділігі мен жедел дамуы үшін орасан мүмкіндіктер көреміз

Біз болашақта Еуразиялық экономикалық одақтан еліміздің инновациялық серпінділігі мен жедел дамуы үшін орасан мүмкіндіктер көреміз. Бұл туралы Елбасы М. Ломоносов атындағы ММУ-де оқыған дәрісінде айтты.
Астана қаласы28 Мамыр , 12:02

«Экономика мен азаматтардың әл-ауқаты мәселелері Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуы тұрғысынан басымдыққа ие. Біз болашақта Еуразиялық экономикалық одақтан еліміздің инновациялық серпінділігі мен жедел дамуы үшін орасан мүмкіндіктер көреміз.Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда дамудың 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді жаңа стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Біз «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырдық және енді өз алдымызға жаңа – ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемдегі ең дамыған 30 елдің біріне айналу мақсатын қойдық. Біз бұл мақсатқа жалпы еуразиялық геоэкономикалық кеңістіктің егемен және лайықты бөлігі ретінде қол жеткізбек ниеттеміз», - деді Н. Назарбаев.

 




Яндекс.Метрика