Өңірлер

«Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті қайта құрылымдауынан бірінші кезекте ҚТЖ, ҚМГ мен «Қазпошта» өтеді

Алғашқы болып «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті қайта құрылымдауынан ҚТЖ, ҚМГ бен «Қазпошта» өтеді. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тәуелсіз директорлары мен Компаниялар тобының басшыларымен кездесу аясында Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мәлім етті.
Астана қаласы28 Мамыр , 11:52

«Біз үш пилоттық компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ мен «Қазпошта» АҚ таңдап алдық. Олар бизнес процестердің реинжинирингін өткізеді. Үлгі  компаниялар ұшін бұл мүмкін жағдай және олардың тәжірибесіне өзге де ұлттық компаниялар сүйенетін болады», - деп Е. Бахмутова хабарлады.

Оның айтуынша, үлгі компаниялар және үлгі компаниялардың бизнес-процестеріне реинжиниринг жүргізу арқылы Топтық орталықтың өзінде  бизнес процестердің реинжинирингі өтеді.

«Басқаруды өзгерту барлығыне бірдей қатысты.  Ең алдымен бизнес-процесстер оңтайландырылады. Олар жан-жақты суреттеліп, адамдар толығымен үйретілуі керек», - деп ол өз ойын толықтырды.

Сонымен қатар, Елена  Бахмутова атап өткендей, казірдің өзінде бизнес - роцестерді реинжиниринг мәселесінде көмектесіп жатқан топ бар.

«Олар (топ) команияның ішінде қызметкерлерді тарту арқылы жұмыс істеуде.  Демек, олар процесті оңтайландырып, оны жан-жақты суреттеуге тырысуда. Трансформациялау бағдарламасының негізгі мақсаты бизнес-процестердің сапалы жоғары деңгейге көтері және автоматтандыру», - деп Е. Бахмутова түсіндірді.

Оның    пайымынша, нәтиесінде ол еңбек өнімділігін арттырып компанияның қызметіне тың серпіліс беруі мүмкін.

«Бұл процесс өте тиімді. Осыдан кейін компаниялар шын мәнінде өзгеде ұлттық компаниялармен бсекелесуге қауқарлы болмақ», - деп ол сендірді.

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика