Евразиялық одақ

Дамыған 30 елдің қатарына енудің басты шарты – экономикалық интеграция – Б.Байбек

Экономикалық интеграция Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 ел қатарына енуіне жол ашады. Бұл туралы «Еуразиялық экономикалық интеграция сабағы» ашық сабағы барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
Астана қаласы28 Мамыр , 11:40

«Экономикалық интеграция 4 салаға еркіндік береді: сауда, капитал, қызмет пен еңбек ресурсының алмасу еркіндігі. Сол себепті біз Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуінің басты шартының экономикалық интеграция екенін жет түсінуіміз қажет», - дейді Б.Байбек.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі халықтың сапалы мемлекеттік қызметке, білім беру мен денсаулық сақтауға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.

«Егер біз үздік 30-дыққа еніп жатсақ, бұл дегеніңіз мемлекеттік қызмет, сапалы ауыз су, жоғарғы сапалы білім беру, денсаулық сақтаудың биік деңгейге көтерілгеніне дәлел. Біз еркін жүріп-тұрып, тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымызды сақтап қаламыз. Ешбір ел интеграциялық қадамсыз әлемдегі ең үздік 30-дыққа енген емес», - дейді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, транспорттық мүмкіндіктер Қазақстанның еуропалық нарыққа енуіне жол ашады.

«Қазіргі таңда әлемде 31 мемлекеттің мұхитқа шығатыны анық. Осы тұрғыда Қазақстан құрлық ішіндегі мемлекет ретінде елдің аталмыш мемлекеттермен ынтымақтаса отырып өнімді сыртқа сату жолдарын қарастырғанымыз абзал. Былай қарасақ, Қазақстан экспортының 15 пайызы темір жол арқылы тасымалданады», - дейді.

Индира Кауметова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика