Өңірлер

Қызылорда облысы Краснодар аймағы күрішшілерінің тәжірибесін қабылдады

Краснодарлықтардың күріш өсіру тәжірибесімен танысу мақсатында облыстан арнайы делегация көрші мемлекетке барды. Қызылорда облысы делегациясының құрамында басқарма басшылары, шаруа қожалықтардың төрағалары, зерттеу институтының мамандары болды.
Әлемде28 Мамыр , 11:22

Ал, Қызылордада керсінше, күн 40 градус ыстық, ауасы құрғақ. Краснодарда жыл сайын  125 мың гектар жерге күріш егіледі. Ал Сыр бойында 76 мың гектар шамасында. Сапар барысында қызылордалық диқандар сапалы тұқым - бітік өнімнің кепілі екендігіне көз жеткізді, деп әкімдікте хабарлады.  

Бүкілресейлік күріш ғылыми-зерттеу институтының директоры Евгений Хари¬тонов бастаған ғалымдар Сыр диқандарына барлық салалары бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстары¬мен  таныстырды. Краснодар өлкесінде соңғы жылдары күріштің өнімділігі 20-30 пайызға жоғарылаған.

Әріптестік негізде жұмыс жасау мақсатында Қызылорда мен Краснодар әкімшіліктері меморамдумға қол қойды. Бұл ғылыми ізденіс пен жаңа технологияның көмегімен өнімділікті арттырудың бастамасы. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық мамандарын дайындауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен Қубан мемлекеттік аграрлық университеті уағдаласып, меморандумға қол қойды. 

 




Яндекс.Метрика