Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Астанада жолбарыс популяциясын қалпына келтіру мәселелері талқыланды

Назарбаев Университетінде Қазақстанда тұран жолбарысын реинтродукциялау мәселелері жөніндегі конференция өткізілді.
Астана қаласы28 Мамыр , 10:52

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су министрі Нұрлан Қаппаров, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамның өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.

Аталған шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген мнистр Н. Қаппаров ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың конференция қатысушыларына жолдаған хатын оқыды, деп  қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.

«Аталған бағдарламаның іске асырылуы Қазақстанның экологиялық дамуында жаңа бағыт ашып, ертеректе жойылған түрлердің қалпына келтірілуіне жаңа экожүйелік тәсілдеме қолдануға жағдай тудырады. Жоба шеңберінде мемлекеттік ұлттық паркты құру, тоғайлы ормандарды қалпына келтіру,  флора мен фаунаның түрлік әралуандығын ұлғайту бойынша үлкен жұмыс атқарылады. Мемлекет қажетті көмек көрсетеді»- делінген ҚР Премьер-министрінің хатында.

Жолбарысты реинтродукциялау мүмкіндіктері қарастырылғаннан кейін оның ареалын құрған елдердің көпшілігінде аңның өмір сүруіне ыңғайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін аумақтардың жоқтығы анықталды.

Сондықтан, тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жобасын жүргізу үшін Балқаш көлінің оңтүстік жиегі, Іле өзенінің сағасы мен оның шығыс бөлігін алып отырған аумақ іріктеліп алынды. Жолбарыстың мекендеуіне ыңғайлы аумақ 1 миллион гектар алқапты алып отыр.

 




Яндекс.Метрика