Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

ШҚО-да «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қорытындыланды

Денсаулық сақтау басқармасы мен емдеу-сауықтыру ұйымы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші бөлімін аяқтады. Қорытынды туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Вадим Овсянников әңгімеледі.
Шығыс Қазақстан28 Мамыр , 10:27

Біріншіден, мембағдарлама аясында  халықты амбулаторлық  учаскілерге бөлу  үшін санақ жүргізілді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

В. Овсянников атап өткендей, аймақта өлім деңгейі төмендеді. Ана өлімі 33 пайызға, 2014 жылы ШҚО-да сәби өлімі мүлдем тіркелмеген.

Сәби өлімі 19 пайызға қысқарды, қан айналу жүйесі ауруларынан көз жұмғандар саны 5 пайызға, онкологиялық патология бойынша 3,6 пайызға қысқарды.

Онкологиялық ауруларды  жылдам анықтау көрсеткіші де жақсарды. Соңғы ақпарат бойынша, аурудың 80 пайызы ерте кезде анықталды, ол аурудың алдын алып, оны тиімді емдеуге мүмкіндік береді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика