Өңірлер

Қызылорда облысының әкімі мен Тони Блэр өңірлерді дамыту мәселесін талқылады

VII Астана экономикалық форумы аясында Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блэр мен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың жұмыс кездесуі өтті.
Астана қаласы28 Мамыр , 10:14

Кездесу барысында Қызылорда облысын дамыту мен реформалауға қолдау көрсетудегі өзара ытнымақтастық мәселесі талқыланды.  

Облыс әкімінің айтуынша, өңір айтарлықтай жоғары қарқынмен дамып келеді. Инфрақұрылым саласының бойына қан жүгіріп, табиғи қазбалар да ел игілігіне жұмсалуда. Әлемдік деңгейдегі ірі инвесторларды, соның ішіндегі металлургия саласына шеттен қаржы тарту жұмыстарының да қарқыны жоғары.

Сонымен қатар, Арал теңізін қалпына келтіру жобаларын тиімді іске асыру мәселесін қарау барысында «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау мен Сырдария өзені ағысын реттеу» жобасының бірінші кезеңіне Дүниежүзілік банктің қолдауындағы оң өзгерістер тілге тиек етілді.

Өз кезегінде Тони Блэр өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, экологиялық мәселелерді шешуге атсалысу, алдыңғы қатарлы мамандарды тарту бойынша облысқа қызмет ету мүмкіндіктерін атады. Тараптар жоғарыда аты аталған жобаларды іске асыруда тізе қосып жұмыс істейтін болып келісті. 




Яндекс.Метрика