Ұлттың денсаулығы

ШҚО Ресей, Оңтүстік Корея мен Израильдің емханаларымен меморандумға отырды

Шығыс Қазақстан облысының медициналық мекемелері шетелдік емханалармен байланыс орнатып, олармен тәжірибе алмасуды, құрал-жабдықтарды сатып алуды ұйымдастыруды және қызмет көрсетудің сапасын жақсартуды жалғастыруда.
Шығыс Қазақстан28 Мамыр , 09:44

Оңтүстік Кореямен облыс жедел мидициналық көмек көрсету саласын жаңғырту  бойынша 1 млн. долл. меморандумға отырды. Жоба 2014-2016 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады, деп ШҚО ақпараттық орталығынан  хабарлады. 

«Біз Оңтүстік Кореямен тығыз байланыстамыз. Ағымдағы жылдың маусым айында отандық дәрігерлер үшін мамология саласы бойынша шеберлік-сыныбы өтеді. Кореяның мамандары қандастарымызға тегін 20-ға жуық ота жасайтын болады. Ал,  шілде айында қалқанша безінің потологиясына арналған шеберлік-сыныбы өтеді. Яғни, біздің мамандарымызға барлығы іс-жүзінде  көрсетіледі», - деп ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Вадим Овсянников ағынан жарылды.

Сонымен қатар, Израильдің медициналық орталығы MVI medicalcenter  2012 жылы қол қойылған меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық жалғасуда. 2014 жылы бағдарламаны жалғастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 14,7 млн. теңге бөлінді.

«Екі жыл қатарына біздің мамандарымызға шеберлік-сыныптары жүргізілуде. Айта кетерлік жайт, отандық дәрігерлер Израильдің өзінде оқытылуда. Ал, үстіміздегі жылдың маусым айында израилдік дәрігерлердің қатысуымен ШҚО-да қорытынды шеберлік-сыныбы өтеді», - деп Вадим Овсянников толықтырды.

Бұдан басқа, Ресеймен де ынтымақтастық жалғасуда. Биыл ШҚО мамандары онкоорталық «Надеждамен» ынтымақтастық шеңберінде Алтай өңірінде өтетін жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады.

 




Яндекс.Метрика