Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

2015 жылы Астанада NISPAcee конференциясы өтеді

Будапештте (Венгрия) 2015 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында Орта Азия мен Шығыс Еуропаның мемлекеттік басқару институттары мен мектептері қауымдастығының (NISPAcee) конференциясын өткізу мәселесі талқыланды.
Әлемде28 Мамыр , 09:29

Будапештте (Венгрия) Орта Азия мен Шығыс Еуропаның мемлекеттік басқару институттары мен мектептері қауымдастығының (NISPAcee) 22-інші жыл сайынғы конференциясы өтті.

Шараға әлемнің 30 елінен 350-ден астам адам қатысып, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері де бар.

Академия өкілдері мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау мәселесі бойынша Қазақстанның тәжірибесі туралы баяндамаларын оқыды.

Сонымен қатар, 22-24 мамыр күні Академия өкілдері мемлекеттік басқару мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен іскерлік байланыс құрды.

Хабарламада айтылғандай, Академия қызметкерлері мен NISPAcee өкілдері арасында арнайы кездесу ұйымдастырылып, онда 2015 жылы Астанадада NISPAcee-нің өңірлік конференциясын өткізу жайлы ұсынысы талқыланып, қазақстандық тараптың ұсынысы ұйым өкілдерінен қолдау тапты. 

 




Яндекс.Метрика