Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Терминологиялық сөздік: Баланы қорғау

Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды бастайды.
Астана қаласы27 Мамыр , 19:56

Баланы қорғау әлеуметтік жүйесі негізінде қоғам мен оның ресми құрылымдары арқылы өмір сүрудың кепілдендірілген жағдайын қамтамасыз ету, баланың тұлғалық тұтынушылығы мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында оның тіршілігін қамтамасыз ету мен дамуының үйлесімділік жағдайларын қолдауды ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржы-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарала-рын жүзеге асыру бойынша жүйені түсінеміз. Қазақстан Республикасы балалардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында бала құқықтарын қорғауға бағытталған барынша маңызды конвенцияларға қосылды. Бала құқықтары туралы конвенция 1994 ж. қабылданды, бұдан кейінгі кезеңде: 1999 ж. Шетелдерден алименттер қайтару туралы конвенция, 2000 ж. Жұмысқа алудағы ең төменгі жас туралы конвенция, 2001 ж. – Бала құқықтары туралы конвенцияға қосымша хаттама жасалынды, ол бойынша балаларды сау-далау, балалар зинақорлығы мен порнографиясы және балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына қатысты жеке қосымша хаттама, 2002 ж. – Бала еңбегінің ең нашар формаларын жою бойынша шұғыл шаралар мен оған тиым салу туралы ХЕҰ конвенциясы (182 конвенция) қабылданды, 2004 ж. қараша айында Қазақстан БҰҰ адам саудасымен күрес конвенциясы мен оның Қорытынды хаттамасына қол қойды.

Қазақстан 1994 ж. қабылдаған Бала құқығы туралы конвенция бес «қолшатырлық құқықтарды» қамтамасыз етеді, олар: өмір сүру құқығы, күн көру және дұрыс даму, баланың жақсы қызығушылықтары, кемсітулерден қорғау, қатысу, қолжетімді ре-сурстарды барынша қолданып пайдаға жарау.

Үкіметтің қаулысы бойынша 2007 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссияның жұмыс органы ретінде Білім және ғылым министрлігі алынып, оның құрамына КЕҰ өкілдері де кірді. 2007 ж. бастап «Қазақстан балалары» бағдарламасының аясында 82 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын анықтау мақсатында 20 астам әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді.

Жергілікті органдармен бірлесе отырып, жетімдерді асырап алуы және жанұялық балалар үйлерін салу істерін қолдау шаралары жүргізілуде.

Маңызды бағыттардың бірі жас тұрғындардың білім алу құқығын қамтамасыз ету. Өткен кезең бойынша мектепке дейінгі білім беру саласында балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту екі есе артқан (36%-дан 70,6%). Нәтижесінде Қазақстан ТМД елдері территориясында көшбасшылық позицияға шықты және жетекші елдердің көрсеткішіне жақындады (80–90% қамту).

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде желінің өсім көрсеткіші 3956 жаңа мектепке дейінгі ұйымдармен толықты (1053 балабақша, 2903 мини-орталық), оның ішінде мемлекеттік және жекелік балабақшалар мен мини-орталықтар да бар.

Сонымен қатар, балалар денсаулығын қамтамасыз ету бойынша жаңа әдістер енгізілуде, балаларға медициналық қызмет көрсетудің минималды стандарттарын заңнамалық бекіту, соның ішінде:

1) жоспарлы стоматологиялық көмек, соның ішінде көпбалалы және толық емес жанұялар, жетім балаларға, мүгедек, тұрмысы төмен жанұя балаларына ортодонтикалық және ортопедикалық, препарация жасау мен светополимерлік пломба салу;

2) мұқтаж балаларға есту аппараттарын салу.

Балаларға сауықтырулық көмектер қызметі ауқымын кеңейту ойға алынып, амбулаторлық деңгейде балаларды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жалғасын табуда. 

Балалардың құқықтарын халықаралық қорғау – салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. Балалар құқығын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым 1919 ж. пайда болған, ал 1924 ж. – Ұлттар лигасының балалар құқықтары жөніндегі Женева декларациясы, 1959 ж. БҰҰ Бас ассамблеясының балалар құқығы декла-рациясы қабылданды. 1979 ж. – Халықаралық балалар жылы деп жарияланса, 1989 ж. Бала-лар құқығы конституциясы деген атпен белгілі болған Балалар құқығы туралы конвенция қабылданды.

Мысалы, АҚШ-та әрбір штатта «баланы қорғау жүйесі» жұмыс жасайды, бала құқығына зорлық көрсету туралы хабарлау механизмі әрекет етеді. Жылсайын АҚШ-та «фостерлік жанұя» және кедей жанұялар бағдарламаларын қаржыландыру бойынша 7 млрд. доллардай шығын жұмсалады. Балаларға арналған барлық әлеуметтік бағдарламалдың жүзеге асырылуын қадағалайтын жүйе жұмыс жасайды. Балалар қор қаржыларын кәмелет жасына толғанға дейін пайдалана алады. Статистика бойынша мұқтаж балалардың 10–15% жаңа отбасы асырап алады. Бала асырап алған отбасыға субсидиялар беріледі. Ай сайын әлеуметтік жұмысшылар асырап алынған балалармен жеке сөйлесіп тұрады. «Фостерлік жанұядағы» бала тегін медициналық сақтандыру алады, ал оны асырап алған жағдайда асырап алған ата-анасы жанұядағы кейбір шығындарды өтейтін қаржылай көмек алады.

Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

 

 




Яндекс.Метрика