G-global

G-Global жобасын қолдаушылар Мәскеуге келді

2014 жылдың 21 мамыр күні, VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның алғашқы күні бастау алған, G-Global мен «EXPO-2017» жобаларын қолдауға бағытталған мотошеру қатысушылары Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласының «Сколково» инновациялық орталығында баспасөз-брифингісін өткізуге келеді.
Астана қаласы27 Мамыр , 18:19

Еске сала кетейік, алты қазақстандық азамат тек қана Қазақстанмен жүзеге асырылып жатқан емес, сонымен қатар әлем қолдап отырған жетекші жобалармен Еуропа мен Азия халықтарын таныстыру мақсатында 20 елді аралауды жоспарлады.

Астанада 21 мамырда бастау алған мотошеру қатысушылары Ресей, Финляндия, Швеция, Норвегия, Франция, Италия, Турция елдерінде болып, Қазақстанға 2014 жылдың 6 шілдесінде - бас қаламыздың туған күнінде елге оралады. Мотошеру мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басты бастамаларын - G-Global диалогтық алаңы мен халықаралық  «EXPO-2017» көрмесін әлемге таныту. 




Яндекс.Метрика