Білім беру

2014 жылы 34 мыңға жуық білім гранты бөлінді

Қазақстандық талапкерлерге биыл шамамен 34 мың мемлекеттік грант бөлінді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Астана қаласы27 Мамыр , 17:11

«Биылғы бөлінетін мемлекеттік гранттардың жалпы саны 34 мыңдай болса, соның ішінде 12 мыңға жуығы механикалық мамандықтарға, 5 мыңдайы педагогикалық мамандықтарға және шамамен 2600-дей ауыл шаруашылық мамандықтарына бөлінеді», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ 2-9 маусым аралығында 155 арнайы жарақтандырылған пунктерде өткізіледі. Соның ішінде 107 –сі аудан орталықтарындағы мектеп ғимараттарында болса,  қалған 48-і облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларының ЖОО ғимаратында орналастырылады.  

«Өздеріңізге де белгілі, бізде гранттар үміткерлерге бөлінеді, яғни талапкер 70 баллдан жоғары алса ұлттық ЖОО-на, ал 50 баллдан асса кез келген ЖОО-на түсуге құқылы», - дейді ол.

Айта кету керек, бірыңғай ұлттық тестілеуге 10 жыл ішінде 1 млн 335 мың мектеп түлегі қатысқан. 

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика