Евразиялық одақ

Қазақстан инвестиция мен сауда үшін таптырмас мекенге айналуы тиіс - Ә.Исекешев (Брифинг бейнебаяны)

Бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, интеграциалық процесстер аясында Қазақстан инвестиция мен сауда үшін таптырмас мекенге айналуы тиіс, деп мәлім етті.
Астана қаласы 27 Мамыр, 16:54

«Өздеріңізге белгілі болғандай Қазақстан жеке меншік секторына басымдылық берілген ашық экономиканы дамытуға ниетті. Бұл Президенттің бизнесмендермен кездесуінде берген тапсырмасы. Сонымен қатар, экономикаға отандық және шетелдік жеке инвестицияларды тартпақшы», - деді Ә.Исекешов.

Сондықтан да министр атап өткендей, Қазақстан инвестиция мен сауда үшін таптырмас мекенге айналуы тиіс.

«Қазіргі таңда Қазақстан кіріп жатқан интеграциялық процестер - ЕАЭО, ДСҰ кіру Қазақстанға нарыққа рұқсат беру болып табылады. Ол елімізге инвесторларды тартып, экономиканы дамытуға мүмкіндік береді. Бұл оңай қадам емес. Себебі, қысқамерзімде, яғни бір жылда оң нәтиже береді деп айту қиын», - деп ҚР Премьер-Министрінің орыбасары ағынан жарылды.

«Әрине, барлық кәсіпкерлер бәсекеге қабілетті  болуы тиіс. Жалпы бәсекелесу керек, себебі ішкі нарықтың мүмкіндігі айтарлықтай. Сонымен қатар, бәсекелестік пен мүмкіндіктер күшейетін болады», - деп ол өз ойын түйді.

Мадина Нұрбекова 





Дерекнама

Яндекс.Метрика