Өңірлер

«ҚазАгро» көктемгі-егіс жұмыстарына 40 млрд теңге бөлді – АШМ

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2014 жылы көктемгі-егіс жұмыстарына 40 млрд.теңге бөлді, деп ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.
Астана қаласы27 Мамыр , 16:31

«Көктемгі –егіс жұмыстарын жүргізуге «ҚазАгро» еншілес компаниялары 40 млрд теңге бөлді. Оның 14 млрд-ы астық сатып алуға бағытталған», - деп ведомствода хабарлады.

Ағымдағы  жылы 21,8 млн га егін отырғызу жоспарланған ол 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғары. Азық-түлік 15,9 млн га, майлы дақылдар шаруашылық 2 млн га, картоп-410 мың га  отырғызылады.

Ауыл шаруашылығында атап өткендей, ағымдағы жылдың 26 мамыры бойынша «ҚазАгро»  арқылы 16,4 млрд теңге қаржыланды. Оның ішінде 9,4 млрд астық сатып алуға  бағытталды.

Екінші деңгейлі банктер арқылы бөлінген 20 млрд-тың  19,7 млрд теңгесі игерілді.

Егін шаруашылығын субсидиялау үшін ағымдағы жылы 71,2 млрд теңге бөлінді. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика