Білім беру

2014 жылы ҰБТ-ның форматы өзгермейді – А. Сәрінжіпов

2014 жылы ҰБТ-ның форматы өзгермейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде Білім және ғылым мнинистрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Мамыр , 15:56

 «ҰБТ форматы ағымдағы жылы өзгермейді, ҰБТ-ға қатысу оқушылардың өз еркілерімен жүзеге асады. Осы жылы мектепті 133 226 түлек бітіреді, оның 92 мыңы тіркелді, оның ішінде 70 пайызы, яғни 63 мыңы қазақ тілінде, орыс тілінде 28 мыңы тапсырады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол ҰБТ ағымдағы жылы 155 арнайы мамандандырылған мекемеде өтеді, ал тестілеу 177 сұрақтан тұрады.

«ҰБТ 2-9 маусым аралығында өтеді. 155 арнайы мекеменің 48-і ЖОО болса, қалғандары аудан орталықтарында өтеді. Бізде 14 пәннен 177 тестілеу парақшасы бар, оның ішінен 50 мың тестілеу жұмысы осы жылы шешілуге жіберіледі, оның тең жартысы жаңа бағдарлама, демек,  7,5 мың қазақ тілді оқушыларға жаңа тапсырма жіберіледі, ал 6 мың 700 орыс тілді оқушы бақтарын тың сұрақтармен сынайтын болады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол 2009-2013 жылдар аралығында жиі  таңдалған пәндерді атап өтті.

«2009-2013 жылдары ҰБТ-да  жиі таңдалған пәндер: физика, биология, география болды. Бұл пәндер бойынша тапсырмалар 30 пайызға жаңарды», - деді министр. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика