Үкімет

2030 жылға қарай мұнай өндірісінің жалпы көлемі 112 млн тоннаны құрайды– Ұ.Қарабалин

Қазақстандағы мұнай өндірісінің жалпы көлемі 2030 жылға қарай шамамен 112 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
Астана қаласы27 Мамыр , 15:43

«2030 жылға дейінгі елдің жанармай-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасына сай, Қазақстандағы мұнай өндірісінің жалпы көлемі 2030 жылға қарай шамамен 112 млн тоннаны құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 81, 8 млн тоннаны құраған», - дейді министр.

Оның айтуынша, республиканың өңдеуші саласына баса назар аударылмақ.

«Қолға алынып жатқан шаралардың бірі отандық қуаттылықты қазіргі 14 млн тонна деңгейінде 2030 жылға қарай 20 млн тоннаға дейін жеткізу. Әрине, Маңыздысы Қазақстанда жоғарғы сападағы мұнай өнімдеріне қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, ол өз кезегіндегі Еуро-4 пен Еуро-5 халықаралық деңгейдегі экологиялық талаптарға сай келуі. Қазіргі таңда зауыттарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, осы орайда шымкент МӨЗ кешенін кеңейту жоспарда бар», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның пікірінше, отандық зауыттарға ресурстық база мәселесін барынша белсенді араласып, Еуразиялық экономикалық одақ шарттарында мұнай өнімдері нарығында қазақстандық нарықтың бәсекеге  қабілеттілігін арттыру.

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика