Энерготиімділік

Үкіметте 2030 жылға дейінгі отын-энергетикалық кешенінің тұжырымдамасы таныстырылды

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Үкіметке отын-энергетикалық кешенін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын таныстырды, деп ОКҚ өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев хабарлады.
Астана қаласы27 Мамыр , 15:36

«Отын-энергетика кешенін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы Елбасының тапсырмасымен жасақталды. Отын-энергетика кешені (ОЭК) - энергетикалық негіз, ал еліміздің бәсекеге қабілетті  қоры  - ол арзан энерегетика қоры. Жалпы, ұзақмерзімді негізде ОЭК 2030 жылға дейінгі  даму  шегін белгілеу аса маңызды еді », - деді сөзында  ведомсвто басшысы.

Тұжырымдамада тұрғындар тарапынан өсіп бара жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін өндірістік қуаттылықпен қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Бұдан басқа, шикізат экспорты азайып, терең өңдеу саласы дамытылады, экономиканың энергиясыйымдылығы төмендетіліп, энергиятиімділігі арттырылатын болады деп күтілуде.

«Тұржырымдамада тариф реттеу  мәселесі де қарастырылған. Онда өндіріс инвесторларына және ШОБ өкілдеріне ұзақмерзімді тариф түсінігі берілген. Бұл біріншіден энергетикалық энергия нарығын жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Ал, ашықтықты қамтамасыз ету жолында барлық ойыншылардың қатысуымен нарық кеңесі құрылады»,  - деп министр өз ойын толықтырды.

Сонымен қатар, тиянақталған кіріс ұғымы енгізіледі. Ол өз кезегінде төменгі шекті табыстан кетуге мүмкіндік береді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика