Евразиялық одақ

Еуразиялық интеграция қазірдің өзінде оң нәтиже беруде - М.Сыздықов

Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан елшілігінің бастамасымен «Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Әлемде27 Мамыр , 15:14

Дөңгелек үстелдің жұмысына қазақстандық саясаткер Нұрлан Ерімбетов, «АиФ-Казахстан» басылымының бас редакторы Сергей Кузовников, жетекші ресейлік сарапшылар Юлия Якушева, Максим Шевченко, Дмитрий Журавлев, Алексей Пилько, Аркадий Дубнов,  Кирилл Приваловтар қатысты, деп елшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Модератор ретінде танымал ресейлік журналист және публицист Виталий Дымарский сөз сөйледі.

Елшіліктің кеңесші-елшісі Марат Сыздықов атап өткендей, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  еуразиялық интеграция туралы берген идеясын ұсынған 20 жыл ішінде мемлекеттердің қарым-қатынасын жаңа деңгейге шығаруға негізгі жағдайлар жасалды.

Елші атап өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ ел экономикасының тұрақты, әрі жедел  дамуына, инновациялық жаңалықтарды ашуға жағдай жасайды.

Бұдан басқа, қазақстандық дипломаттың айтуынша, ЕАЭО бойынша серіктестеріне өзінің нарығын ашқан Қазақстан 9 есе үлкен нарыққа шығуға мүмкіндік алады.

«Айта кетерлік жайт, Еуразиялық интеграция қазірдің өзінде оң нәтиже беруде. Инвестициялық тартымдылық өсіп, КО мүше елдердің тауар айналымы артты және отандық тауардың Ресей мен Белорусияға экспорты көбейді», - деді сөз соңында М. Сыздықов.




Дерекнама

Яндекс.Метрика