Ұлттың денсаулығы

Соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу 2 есеге төмендеді – ДСМ

Соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,1 есеге төмендеді, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.
Астана қаласы27 Мамыр , 14:44

Жалпы туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінің өлшемдерінің бірі болып табылады.

«Қазақстанда мемлекет тарапынан туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. 2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалау миссиясы  Қазақстанда туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан  іс-шараларға жоғары баға берді. Қазақстанда науқастар туберкулезге қарсы 1 және 2 қатардағы препараттармен 100% қамтамасыз етілген. Ал ДДҰ-ның бұл саладағы мақсаттық көрсеткіші 85% құрайды», - делінген хабарламада.  

 




Яндекс.Метрика