Өңірлер

ҰКП «Астананың үздiк кәсiпкерi» байқауын өткізеді (ФОТО)

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Астананың үздiк кәсiпкерi», «Елорданың үздiк инвесторы» және «Елорданың үздiк меценаты» байқауын өткізеді, бұл туралы Астана қаласы кәсіпкерлерінің конференциясы барысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Астана қаласы 27 Мамыр, 13:23

«Бiз биылғы жылдан бастап, қаламыздың кәмелеттiк жасқа толуы кезеңiнен кәсiпкерлердің жетістіктерін ескеруді жөн көріп отырмыз. Бiз жыл сайынғы «Астананың үздiк кәсiпкерi», «Елорданың үздiк инвесторы» және «Елорданың үздiк меценаты» сыйлықтарын тағайындап отырмыз», - дедi И. Тасмағамбетов.

Әкім атап өткендей, бұл сыйлықтар Астана күні қарсаңында, 5 шiлдеде өтетін салтанатты шарада тапсырылады.

«Байқауды Ұлттық кәсiпкерлер палатасы өткiзедi, палата байқауды өткізгеннен кейін өз кандидатурасын ұсынады. Менiң ойымша, бұл бәсекелестiктiң дамуына оң серпiн береді», - деді Астана қаласының әкімі.

Камила Амирова

Фото-Азамат Алиев





Яндекс.Метрика