Мәдениетті жаңғырту

Мәдениет министрлігі жыл сайын жас ақын-жазушылардың 20 жинағын шығарады (Брифинг бейнебаяны)

ҚР Мәдениет министрлігі жыл сайын ақын-жазушылардың 20 жинағын шығарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Астана қаласы 27 Мамыр, 13:20

«Біздің елде мемлекет қолдауына ие болып отырған жалғыз бағдарлама бар, ол әлеуметтік маңызы бар кітаптарды шығару жауапкершілігін өз басына алып отыр. Бірде бір елде осы сынды бағдарлама жоқ, ол «Жас толқын» жинағымен жарыққа шығады. Мәселен, ағымдағы жылы жас ақын-жазушылардың 20 кітабын жарыққа шығару жоспарланған», - деді А. Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, жазушылар одағында бірқатар жас таланттар бар. Жыл сайын ведомство жас жазушылардың 20-ға жуық жинағын шығарады.

«Жоғары білім беру ошақтарында аталмыш бағытқа ден  қойылған. Егер де, әл-Фараби атындағы ҚАҰУ-де журналистика мамандығы оқытылса, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨУ-де кино-, телесценаристерді оқытатын мамандық бар. Осы сынды мамандықтарға мемлекет қолдау көрсетуде», - деді ол,

Мадина Нұрбекова





Дерекнама

Яндекс.Метрика