Өңірлер

«БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 7 мың кәсіпкер қолдау тапты – И. Тасмағамбетов

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 7 мың кәсіпкер қолдау тапты. Бұл туралы кәсіпкерлер конференциясында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Мамыр , 13:08

«Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік қолдау міндетті түрде қажет. Мемлекет басшысының бастамасымен ұсынылған қолдау пакеті жеткілікті. «БЖК-2020» бағдарламасы  кәсіпкерлік құрылымды тексеруге 1 трлн теңге бағыттады, ол экономика мен бизнеске құйылуда. Оған қоса,  «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 7 мың кәсіпкер қолдауға ие болды. Үйлестіру кеңесі 5,3 млрд теңге тұратын 28 жобаны  мақұлдады», - деді И. Тасмағамбетов.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, Астанада жұмыс орындары аталмыш бағдарлама арқылы ұсынылады.

«Ағымдағы жылдың бірінші маусымы бойынша, 53 млрд теңгеге несие берілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 23-25 пайызға жоғары. Біз жыл сайын 1 млн 200 шаршы метр үй салудамыз. Алдағы 5 жылда тағы 9 млн шаршы метр үй салу жоспарда бар», - деді ол.

«Мемлекет басшысының бастамасы бойынша капиталға рақымшылық жасау мен меншікті заңдастыру жарияланды. Ресми статистикаға сүйенсек, біздің қалада ғана көлеңкелі экономика шамамен 20 пайызды құрайды. Бұл 540 млрд-қа теңге. Бұл қаражатты заңды түрде экономика мен бизнесті кеңейтуге бағыттауға болар еді», - деді И.Тасмағамбетов.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика