Үкімет

15:00-де Үкімет отырысының қорытындылары жөнінде ОКҚ брифингі өтеді

27-мамырда сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметніде Үкімет отырысының қорытындылары жөніндегі брифинг болады.
Астана қаласы27 Мамыр , 14:05

Жылу-энергетика кешенін дамыту мәселелері туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологияларминистрі Әсет Исекешев, ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин әңгімелейді.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев  инвестиция тарту мәселелері жайында баяндайды.

Көктемгі дала жұмыстарының барысы жайлы  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков  әңгімелейді.

ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу комитетінің төрағасы Біржан Қанешев техникалық реттеуді дамыту жоспарын тілге тиек етеді.

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҰБТ-ға дайындық жұмыстары туралы айтып береді.

 

 




Яндекс.Метрика