Евразиялық одақ

Н. Әлімұхамбетов: Экономикалық интеграция ірі өткізу нарықтарын ашуға мүмкіндік береді (ВИДЕО)

Экономикалық интеграция ірі өткізу нарықтарын ашуға мүмкіндік береді, бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Trust Insurance» «Сақтандыру компаниясы» АҚ кеңесшісі Нұржан Әлімұхамбетов мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Мамыр, 12:43

«Барлық одақтар оған қосылмаған елдер үшін де қолайлы жағдай жасауды қарастырады. Сәйкесінше, сіздер өздеріңіз ірі өнеркәсіптерді ашып, адамдарды жұмысқа қабылдай аласыздар, адамдардың жақсы өмір сүруі  қай ел болмасын өте маңызды. Бұл одақтар экономикалық интеграция арқылы өткізу нарықтарын  ашуға септігін тигізеді», - деді ол.

Оған қоса, ол атап өткендей, кез келген дамыған елдің негізінде экономика мен сауда жатыр.

«Дамыған елдердің негізі экономика мен саудаға бағытталған. Осы екі саланың ауқымы мен деңгейінен елдің даму дәрежесі анықталады», - деді ол.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика