Өңірлер

Астанада шамамен 60 мың белсенді ШОБ субъектісі бар – И.Тасмағамбетов

Қазіргі таңда Астанада шамамен 60 мың белсенді шағын және орта бизнес субъектісі бар, деп мәлімдеді бүгін Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетов қала кәсіпкерлерінің конференциясында.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:14

«Кез келген қалада кәсіпкерлердің дамуына басты және маңызды шарттардың бірі қолайлы бизнес климаттың қалыптасуы болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің еркін қызмет етуіне бизнес климаты әлеуметтік индикатор есептелмек. Ол өз кезегінде бірнеше көрсеткіштермен бағаланады. Соның ішінде ең бастысы өзін өзі қамту деңгейі, оның көрсеткіші ретінде қаланың экономикалық тиімділігі болмақ», - дейді И.Тасмағамбетов.

Қала басшысның айтуынша, Астана бүгінде жыл сайын 6-7 пайыз деңгейінде экономикалық дамудың тұрақты өсімін байқатады. Нәтижесінде  бюджетке келіп түсетін қаражат көлемі де өсуде.

«Жалпы, бүгінде қаладағы белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 56 мың. 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17%-ға артқан. 2013 жылғы өндірістік өнім көлемі 1 трлн 200 млрд теңгені құрайды», - дейді ол.

Сонымен қатар,  өзіндік табыс көлемі де артуда. 2013 жылы өзіндік табыс көлемі жалпы құрылымның 25%-ын құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 45%-ға жетті. «Тұрақты түрде орташа есеппен мемлекеттік бюджетке түсім көлемі 20% артты. 2008 жылдан бастап мемлекттік бюджетке түскн қаражат көлемі екі есе артып 610 млрд теңгені құрады».

«Бүгінде Астана шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне шаққандағы өндірістік өнім көлемі жағынан республика бойынша бірінші орында. Республика бойынша бұл көрсеткіш 3,4 млн теңге болса, Астанада бұл деңгей 6,3 млрд теңге көлемінде», - дейді әкім.

Айта кету керек, форумда Астананың Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы аралық қорытындысы шығарылып, елордадағы кәсіпкерлікті дамыту жолдары нақтыланды. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика