Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Ақтөбе ХҚКО-да министрлерге бейне жолдау жіберу мүмкіндігі туды

Халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР - ның министрлеріне, облыс әкіміне және де, агенттік өкілдеріне өтініштерін тікелей бейне жолдау арқылы жіберуге болады.
Ақтөбе27 Мамыр , 12:24

Осы мемлекеттік қызмет түрін енгізу мақсатымен Ақтөбе қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» бейне жолдауды жазып, тікелей жолдаушысына жіберу үшін арнайы кабинка орнатылған, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Кабинканың ішінде сенсорлік бейне панель, web-камера, чек шығаратын принтер орналасқан. Сонымен қатар, кабинкада жазылған бейне жолдауды тез арада жолдаушысына жіберетін автоматтандырылған бағдарлама арқылы тікелей байланыс жүйесі орнатылған.

«Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бейне жолдау» қызметін қолдану үшін, не бары тапсырыс берушінің өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс, және де, бейне жолдауды жазар алдында тапсырыс беруші байланыс телефонын, электрондық почта адресін енгізуді қажет етеді.

Бейне жолдау 3 минут аралығында жазылады, сондықтанда тапсырыс беруші өз жолдауын алдын ала дайындап алуы абзал. Бейне жолдауды жазар алдында сенсорлік панельде жолдаудың жазылу тәртібі көрсетіледі. Бейне жолдау бекітілген тәртіптен тыс жазылатын болса, бейне қабылданбайтын болады.

Жазылған бейне жолдаудың аяғында тапсырыс берушіге принтерден чек беріледі. Чекте жолдаудың құпия нөмері және де, жауап алу күні көрсетіледі. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан жауап - бейне, аудио немесе мәтін түрінде дайындалып, тапсырыс берушіге қайтарылады.

Осы мемлекеттік қызметінің басты мақсаты -мемлекеттіміздің әл- ахуалын жақсарту жолында халықтың белсенділігін арттыру және де, жоғарғы сатыдағы мемлекет басшылары қарапайым халық арасында қол жетімділігін кеңейту.




Дерекнама

Яндекс.Метрика