Инфрақұрылымның дамуы

1 тамызға дейін «Астана-Теміртау» автожолының 12 километрінде қозғалыс ашылады - ККМ

Бүгінгі күнге трассаның 1308-1320 км учаскесінде жолтабанның жоғарғы қабаты төселді. Мердігер ұйымдар 1 тамызға дейін 12 километрлік учаскенің оң қанатындағы, ал жыл аяғына дейін екі жағы бойынша да қозғалысты іске қосуды жоспарлауда.
Казахстан27 Мамыр , 11:59

Осындағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен өткен демалыс күндері көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек танысып қайтты.

Сапар барысында ККМ басшысы Ақмола облысындағы 3 учаске және Қарағанды облысындағы 2 учаскені аралады. Министр мердігерлік ұйымдар басшыларына жұмысты ширату және барлық учаске бойындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты бірқатар тапсырмалар берді, деп ведомствода хабарлады.

«Астана-Теміртау» учаскесінде барлық ұзындығы 109 км 5 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылғы маусымда жалпы ұзындығы 62 км болатын қалған учаскелердің мердігерлері айқындалады. Сөйтіп биыл бүкіл трасса бойында құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.

Реконструкция жұмыстары аяқталған соң 2016 жылы «Астана-Теміртау» автожолы төрт жолққа дейін кеңейтіліп І техникалық санатқа жатқызылатын болады. 

 




Яндекс.Метрика