Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Елбасы Иран Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тегеранда жаңадан сайланған Иран Президенті Хасан Руханиді ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Әлемде06 Тамыз , 00:00

Иран Ислам Республикасы Парламентінің ғимаратында өткен рәсім барысында Х.Рухани елдің жоғарғы заңнамалық органы депутаттарының алдында ант беріп, қызметіне ресми түрде кірісті.

Ұлықтау рәсіміне шетелдік мемлекет, үкімет және парламент басшыларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдерін қосқанда 50-ден астам делегация қатысты.

Рәсім аяқталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.




Яндекс.Метрика