Инновациялар

KazEOSat-2 қазақстандық спутнигі «Днепр» зымыран-тасығышымен ұшырылады

Жерді қашықтықтан бақылаудың KazEOSat-2 екінші қазақстандық спутнигін Орынбор облысындағы «Ясный» старттық базасынан «Днепр» зымыран-тасығышымен ұшыру жоспарлануда.
Әлемде27 Мамыр , 11:42

Ұшыру уақыты белгіленді, «Днепр» зымыран-тасығышының жер серіктерінің кластерімен қатар KazEOSat-2 ұшырылуы 2014 жылдың 20 маусымына қараған түніне жоспарланған, деп Ұлттық ғарыш агенттігінде хабарлады.

KazEOSat-2 спутнигі ұшырылғаннан соң ҚР Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі дәлдігі орташа (6,5 метр) ғарыш аппаратымен толығатын болады. Барлығы ҚР Жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің құрамына екі ғарыш аппараты және мәліметтерді қабылдау, өңдеу мен таратуға арналған жерүсті мақсатты кешені кіреді.

Естеріңізге салайық, «KazEOSat-1» Жерді қашықтықтан зондтаудың дәлдігі жоғары (1 метр) ғарыш аппараты 2014 жылғы 30 сәуір күні Француз Гвианадағы «Куру» ғарыш айлағынан орбитаға ұшырылды.

KazEOSat-2 ғарыш аппараты ЖҚЗ алғашқы қазақстандық спутнигі секілді Airbus Defense and Space ірі француз компаниямен әзірленген.

ҚР ҰҒА төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған топ 2014 жылдың 18-20 маусымында «Ясный» старттық базасына KazEOSat-2 ғарыш аппаратына тапсырыс беруші ретінде ғана емес, сонымен бірге «Днепр» ЗТ ұшыруға құқықты қатысушы ретінде барады.




Яндекс.Метрика