Өңірлер

Қарқаралы ауданында 2015-2017 жылдары 5 туризм нысаны бой көтереді

Ал 2015-2017 жылдары Қарқаралы ауданындағы Ұлттық саябақ аумағында бірнеше туризм нысандары бой көтермек. Мысалы, «Ривьера», «Қарқаралы Кемпинг» демалыс орындарын, «Қарқаралы» демалыс үйін салу жоспарланып отыр.
Қарағанды27 Мамыр , 11:27

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, туризм түрлерінің ішінде – ішкі туризм біртіндеп дамуда. Оның үлесі бүгінде 90 % құрап отыр. Бірақ елге келушілер туризмі бар-жоғы 7,4%. 

Туризмді дамытуға әлеуеті зор аймақтар Қарағанды қаласы, Қарқаралы, Ұлытау, Ақтоғай аудандары және Балқаш көлі жағалауы болып табылады. 

Аталған өңірлерде туризмді дамыту үшін бірқатар жобалар қолға алынған.
Мәселен, «БЖК-2020» аясында Қарағанды қаласында «Метелица» және «Ақсамал» мейманхана кешендерін салу жобаланып отыр. 

Ал 2015-2017 жылдары Қарқаралы ауданындағы Ұлттық саябақ аумағында бірнеше туризм нысандары бой көтермек. Мысалы, «Ривьера», «Қарқаралы Кемпинг» демалыс орындарын, «Қарқаралы» демалыс үйін салу жоспарланып отыр. 

Балқаш қаласының туризмін дамыту мақсатында туристік индустриалдық тұжырымдама жасалмақ. Қазірдің өзінде «Самал» демалыс аймағының, «Нұр-Бақыт» сауықтыру кешенінің және «Жемчужина» мейманхана кешенінің құрылысы басталды. 

Приозерскідегі Балқаш көлі жағалауында «Гранд Курылыс» ЖШС-нің сауықтыру аймағын құру жобасы, «Гранит» мейманхана кешенін қайта құру қолға алынды. 

Сондай-ақ Теміртау қаласында, Шет, Абай аудандарында да туризмді дамыту үшін бірқатар жобалар қолға алынды. 

Туризм және көлік инфрақұрылымын дамыту да – басты назарда.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика