Евразиялық одақ

ЕАЭО аясында тұтынушылардың нарығы кеңейеді – С. Рахымжанов

Еуразиялық экономикалық одақ аясында тұтынушылардың нарығы кеңейеді, деп есептейді Ақмола облысының «Қаратэ-до федерациясының» президенті Сәкен Рахымжанов.
Астана қаласы 29 Мамыр, 10:32

«Баршамызға белгілі болғандай, 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге  оған мүше Қазақстан, Ресей, Белоруссия мемлекеттерінің президенттері қол қоятын болады. Негізі бұл саясат емес,  бұл экономикалық жағынан тиімді келісім. Жеке кәсіпкерлерге, тауар өндірушілер алдында үлкен мүмкіндіктер ашылады. Егер, Қазақстан халқының саны 17 млн. болса, Одаққа мүше болатын мемлекеттердің халық саны оданда көп. Демек, ЕАЭО аясында тұтынушылар нарығы кеңейеді», - деп есептейді Сәкен Рахымжанов.

Сонымен қатар,  Сәкен Рахымжанов бәсекелестік мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, жаңадан көтеріліп келе жатқан кәсіпорындар сапа жағынан бәсекелестікке төтеп бере алмауы мүмкін. Себебі, интеграция аясынды бірінші талап сапа және қолжетімді баға. Алайда, отандық кәсіпорында сапалы, әрі арзан тауар өндіретін болса оның пайдасы оразан зор, деді ол.

«Спорт ол экономиканың бір саласы деуге болады. Қазіргі таңда Қазақстанда спорт тауарлары мүлдем шығарылмайды. Оларды көбіне Қытайдан алдыратынбыз, енді міне Ресейден алуға мүмкіншілік туып отыр. Ал, жарыстар туралы айтатын болсақ, жаттығу жиындарын ұйымдастыруда бізде уақыт бойынша үлкен шектеулер болатын. Бүгінде олардың уақыты 2-үш айға дейін ұзартылып, емін-еркін жаттығуға жағдай жасалуда», - деді  Сәкен Рахымжанов.

Мөлдір Асқар 





Дерекнама

Яндекс.Метрика