Евразиялық одақ

ЕАЭО-ны құру идеясының болашағы зор – А.Турчинов (ВИДЕО)

Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясы өзге халықтардан да кеңінен қолдау тапты, деп мәлімдеді Мемлекеттік басқару және персоналды басқару институтының директоры, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Александр Турчинов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 29 Мамыр, 11:18

«Халықтардың бірге өмір сүруге деген құштарлығы, өзара бауырластықта өмір сүруге деген талпыныстары мен бірнеше жылдар бойы қалыптасқан гуманитарлық және әлеуметтік байланыстарды жалғастыру жолындағы құштарлықтары аталмыш идеяның тууына түрткі болып, 20 жыл бойы бұл ойдың іс жүзіне айналуына алғышарттар қалыптасты. Енді бұл ойдың өзге де халықтар тарапынан қолдау табады деп үміттенемін», - дейді А.Турчинов.

Оның айтуынша, Еуразиялық одақтың құрылуы өмірдің барлық саласына тың серпін бермек.

«Аталмыш құжатқа қол қою біздің өмірімізге оң өзгерістер әкеледі. Бұл дегеніңіз біздің мемелкетіміздің қуатын арттыра түсетін экономика, гуманитарлық байланыстар, еуразиялық кеңістікте кісінің өз мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкін беру секілді қырларынан көрініс таппақ. Менің пікірімше, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуында бізге көптеген пайда  бар», - дейді А.Турчинов.





Яндекс.Метрика