Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қарағанды облысында 20-ға жуық мамандықтар жәрмеңкесі өтеді

Облыс әкімі Бауыржан Әбдішев аппарат жиналысын өткізді. Жиында жастарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды.
Қарағанды27 Мамыр , 10:41

Жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбай  өз баяндамасында басқарма басшысы «Жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің түсуіне ықпал тигізгенін жеткізді.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, бұл бағдарламаларға қатысқан жастарға тәжірибеден өту, қайта даярлану, кәсіби оқыту, шағын кәсіптерін ашу үшін микронесиелер алуға мүмкіндігі бар екенін тілге тиек етті. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ғана 200 жас азаматтар жұмыспен қамтылды.
Биылғы жыл X жұмыс кезеңі барысында СҚО (студенттердің құрылыс отряды) 3000, «Жасыл ел» бағдарламасы 1000-ға жуық жұмыс орнын ұсынбақ жастарға.

Сонымен қатар 20-ға жуық мамандықтар жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.«Кеңес орталығы» бастамасымен ауыл жастарын қала аймағына жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері ашылып отыр.
 




Яндекс.Метрика