Өңірлер

I маусымда ауыл шаруашылығының өнімі 228,9 млрд теңгені құрады – АШМ

Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы көлемі 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында 228,9 млрд теңгені құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес уақытымен саылстырғанда 3,6%-ға артық.
Казахстан27 Мамыр , 10:31

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 2014 жылы 21,8 млн гектар жерге ауыл шаруашылығын жүргізу жоспарланған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 313 мың гектарға артық.

Хабарламада айтылғандай, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін тоннасына 98 312 теңге деңгейінде МӨЗ-ден арзандатылған дизель отынын беру қарастырылған (литріне 81,6 теңге). Операторлардың шығынын ескере отырып өңірлердегі дизель отынының бүгінгі бағасы литріне 95 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ҚР Мұнай жән газ министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен МӨЗ-ге облыстарды бөліп тастау кестесін мақұлдады. 




Яндекс.Метрика