Халықаралық интеграция

Австрияда Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Венада Австрияның саяси-қоғамдық және іскерлік орталарының қатысуымен Қазақстан - Австрия қоғамының кезекті отырысы өтті, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Әлемде27 Мамыр , 10:12

Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшісі Қайрат Сарыбай Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Жолдауы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» Жолдауы бойынша баяндама жасады. Қатысушыларды Жолдаудың негізгі ұстанымдарымен таныстыра отырып, бұл стратегиялық құжаттың басты мақсаты болып ҚР әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі болып табылатынын атап өтті.

Қ.Сарыбай Қазақстан индустрияландыру саясатының стратегиялық жобалар арасында маңызы ерекше екенін атап отырып, осы аяда аталған мақсатты жүзеге асыру үшін аустриялық кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестициялар және заманауи технологияларды белсенді тартуға шақырды.

Өз кезегінде Қоғам Төрағасы, Аустрия Экономика палатасының Вице-президенті Р.Шенц және қоғамның басқа да мүшелері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында мемлекет дамуының басым бағыттары және оларды іске асыру бойынша нақты тапсырмалар айқындалғанын баса айтты. Қатысушылардың ортақ пікіріне сәйкес, «Қазақстан - 2050» - республиканың сенімді дамуының басты даңғыл жолына айналмақ.

Сонымен бірге, кездесу шеңберінде Астанада өтетін ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрме жөнінде ұсыным ұйымдастырылды. Бұл көрменің өткізілуі болашақ энергия көздерінің дамуы мен қолданысына өз үлесін қосатыны, үздік әлімдік технологияларды ұсынуға мүмкіндік беретіні, сондай-ақ бұл саладағы ұтқыр бағдарламалар мен жаңа шешімдерді дамытуға ықпал ететіні туралы да айрықша айтылды.

 




Яндекс.Метрика