2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Қостанайда «Мәңгілік ел» экологиялық акциясын өткізу жоспарлануда

Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарының студенттеріне экологиялық акция ұйымдастыруға көмектеседі. Колледж студенттері қала орталығында «Мәңгілік ел» гүлзарын отырғызады.
Қостанай27 Мамыр , 09:58

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, келіссөз негізінде «Фирма Зеленстрой» ЖШС студенттерге мыңнан астам түп гүл алып бермек.

Айта кету керек, жоба «Студенттік көктем» жыл сайынғы фестивалінің «Қаламызды көгалдандырамыз» бағыты аясында  жүзеге асырылмақ. Шара биылғы жылдың 30 мамырында басталмақ. Палата сарапшылары қазы ретінде фестивальге қатысуға шақырту алып отыр.

Сонымен қатар, «Фирма Зеленстрой» ЖШС жетекшілігі «Қостанай кәсіби-техникалық колледжге» студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне қол ұшын беруге дайын екендіктерін айтуда. Оқу орны облыс бойынша «ландшафтты дизайн» мамандығын оқытатын жалғыз білім ордасы болып табылады.

Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының сөзіне сүйенсек, бұндай байланыс оқу орындары мн кәсіпкерлік арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсетін бірден бір шара болып табылады. 




Яндекс.Метрика