Евразиялық одақ

Мемлекеттің интеграцияға қатысуы ұлттық экономиканы индустрияландыру, адамдарды жұмыспен қамту, бизнесті дамытуға оңтайлы жағдай жасау үшін ынталандырушы қызметін атқаруы тиіс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев М. Ломоносов атындағы ММУ-де оқыған дәрісінде Мемлекеттің интеграцияға қатысуы ұлттық экономиканы индустрияландыру, адамдарды жұмыспен қамту, бизнесті дамытуға оңтайлы жағдай жасау үшін ынталандырушы қызметін атқаруы тиіс екендігін айтты.
Астана қаласы27 Мамыр , 09:30

«Мемлекеттің интеграцияға қатысуы ұлттық экономиканы индустрияландыру, адамдарды жұмыспен қамту, бизнесті дамытуға оңтайлы жағдай жасау үшін ынталандырушы қызметін атқаруы тиіс. Халықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін, бірінші кезекте, тиын-тебен үшін жатжұртта емес, өз елінде адамдарға адал да әділетті еңбек ету үшін жаңа мүмкіндіктер беретін интеграция ғана табысты болады», - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуына, экономика мен азаматтардың әл-ауқаты мәселелері Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуы тұрғысынан басымдыққа ие.

«Біз болашақта Еуразиялық экономикалық одақтан еліміздің инновациялық серпінділігі мен жедел дамуы үшін орасан мүмкіндіктер көреміз», - деді ол.




Яндекс.Метрика