Білім беру

Ақордада шетелде кадр даярлау мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Мамыр , 09:00

Отырыста «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері үшін ағылшын тілі бойынша 12 ай мерзім ішінде тілдік даярлықты ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бұл ретте стипендия иегерлері Қазақстанда 6 ай және «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдік тілдік мектепте 6 ай даярлықтан өтетін болады.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері президенттік стипендия шеңберінде МВА бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға деген қажеттілікті зерделеу мәселелерін талқылады.

Комиссия шешіміне сәйкес Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бір топ қызметкері «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанып, Ұлыбританияда тағылымдамадан өтетін болды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика