Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Терминологиялық сөздік: Зияткерлік мектептер

Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды бастайды.
Астана қаласы26 Мамыр , 19:56

Зияткерлік мектептер - тұлғаның тиімді әлеуметтенуінің шарты ретіндегі тұлғалық-бағытталған білім беруді жүзеге асырады. Білім берудің мазмұны дамыған орта қалыптастыру және білім алуға деген, зеректілікті    айқындауға, психологиялық жайлылық пен оқушының өз елінің патриоты ретіндегі белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруды ынталандыруға бағытталған.

Тұңғыш Президент – Елбасының атымен аталған білім берудің автономдық ұйымы құқықтық мәртебесін алған, дарынды балаларға арналған арнайы мектептер желісі. Елбасының бастамасы бойынша «Дарынды және талантты балаларға арналған табиғи-математикалық бағыттағы 20 зияткерлік мектеп» жобасы аясында 2008 ж. бастап құрыла бастады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 ж. 13 мамырындағы № 452 Қаулысы бойынша осы жобаны жүзеге асыру, зияткерлік мектептер желісі қызметін құру және қамтамасыз ету мен білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу мақсатында «Өркен» акционерлік қоғамы құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 ж. 7 маусымындағы № 532 қаулысына сәйкес «Өркен»   акционерлік   қоғамы   «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

Зияткерлік мектептер кезеңдер бойынша: бастауыш мектеп (оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру), негізгі мектеп және ересек мектептер жағдайында заманауи білім беру бағдарламаларын жасауға, мониторингтеуге, зерттеуге, талдауға, апробация жасауға, енгізу мен жүзеге асыруға қажетті сынақ алаңы қызметін атқаруға тиіс.

Қазақстан Республикасындағы ағымдағы талаптар мен стандарттар білім беру саласында заманауи басқару формаларын енгізуді, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды қажетті деңгейде жүргізуге мүмкіндік бермеді.

Осыған байланысты білім беру саласына заманауи басқару үлгісін енгізу үшін және инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қажетті академиялық еркіндік пен автономдықты дамыту мақсатында 2011 ж. 19 қаңтарында «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.

Заңның жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 ж. 9 маусымындағы № 647 қаулысы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» білім берудің автономды ұйымы болып қайта құрылды.

Бұл мәртебе білім берудің оқу бағдарламаларын өз бетінше бекітуге, қабылдау емтихандарына, үлгерімнің ағымдағы бақылауына, аралық және қорытынды аттестацияға өзіндік талаптар қоюға құқық беруді білдіреді. Академиялық еркіндік қағидасы жаңа бағдарламаларды жасау мен апробациядан өткізуді, орта білім беру жүйесін жаңартуды жылдамдатуға мүмкіндік жасайды.

Қазіргі уақытта елде 11 зияткерлік мектеп жұмыс істейді. 2013 ж. соңында тағы

4 НИМ ашу жоспарлануда. 2014 ж. Алматыда (2), Петропавлда, Қостанай мен Ақтауда

5 мектеп ашу жоспарланып отыр. НИМ жалпы саны – 20: Алматыда, Шымкент пен Астанада 2 мектептен, ШҚО-да – 2 мектеп «Семей мен Өскеменде), басқа облыстарда – бір мектептен.

Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

 

 

 




Яндекс.Метрика