Өңірлер

А. Достияров: Банкаралық қаржыландыру ЕДБ өтімділігін арттырады

Банкаралық қаржыландыру бағдарламасы капиталдардың халықаралық нарығына шығуға және екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте «Қазақстан даму банкі» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров мәлім етті.
Астана қаласы26 Мамыр , 18:43

«Біздің мандат  екінші деңгейдегі банктермен бәсекелесуге шартты түрде тыйым салады. Яғни, біздің мандатымыз қаржыландыру көлемі 30 млн. доллардан асатын Ресейдің  Сыртқыэконом банкімен бірдей деуге болады. Алайда, Қазақстандағы нарықтық тенденцияны есепке алған жөн. Бізде екінші деңгейдегі банктерге рұқсат жоқ. Демек, оларда шетелдік қаржыға рұқсат жоқ», -  деді Асқар Достияров.

Оның айтуынша, банкаралық несиелендіру бағдарламасы ЕДБ өтімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Біздің көмегіміз  - ол банкаралық несиелендіру бағдарламасы. Ол біздегі бар мүмкіндіктерді пайдалануға беруге, халықаралық капитал нарығына шығуға мүмкіндік береді», - деп А. Достияров баса айтты.

Оның үстіне,  екінші деңгейдегі банктердің көмегімен шағын және орта бизнес несиелендірілетін болады.

«Біз екінші деңгейдегі банктердің көмегімен экономиканы толығымен қамтысақ деп едік. Алайда мандатымыздың шартын бұзбас үшін біз өзіміздегі бар банкаралық қаржыландыру бағдарламасын пайдаланудамыз», - деп ол өз ойын түйді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика