Өңірлер

ҚДБ жаңа стратегиясында қаржыландырылған жобалар көлемі 3,7 трлн. теңгеге жетеді - А. Достияров

Қазақстан даму банкі 2023 жылға дейін жаңа даму стратегиясын бекітуде. Оның аясында қаржыландырылған жобалардың жалпы құны 3,7 трлн. теңгеге жеткізіледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте «Қазақстан даму банкі» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров мәлім етті.
Астана қаласы26 Мамыр , 18:16

«Қазақстан даму банкі 2023 жылға дейін жаңа даму стратегиясын бекітуде. Оның аясында біз экономиканың басымдық берілген секторларында жобаларды теңгелей ұзақмерзімді қаржыландыратын Қазақстанның үздік банкі  болуымыз тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін біз ұзақмерзімді теңгелей өтімділікті тарту тәсілдерін табуымыз керек. Сонымен, ҚДБ қызметін реттейтін заңнамаға наурыз айында енгізілген өзгертулерге сәйкес біз жарғылық капиталды несиелендіру жолында пайдалана аламыз», - деді Асқар Достияров.

Оның айтуынша, Стратегияның нәтижесі нақты көрсеткіштермен дәлелденеді.

«ҚДБ-ның жаңартылған Даму стратегиясының негізгі көрсеткіштері 2023 жылға қарай мынадай болуы керек: қаржыландырылған жобалардың және инвестициялық бағдарламарадың көлемі 3,7 трлн теңгеге жеткізіледі, яғни қаржыландыру үш есе арттырылады. Несие қоржыны 732 млрд. теңгеден 1,9 трлн. теңгеге дейін көтеріп, оның активтегі үлесі  52%-дан 75%-ға дейін өсіріледі», - деп А. Достияров атап өтті.

Бұдан басқа, ҚДБ өзінің қарыз алушыларына барынша тиімді шарттарды ұсынатын болады.

«ҚДБ өзінің қарыз алушыларына барынша тиімді, қолайлы шарттарды ұсынатын болады. Атап айтатын болсақ, экономиканың басым бағыттарына берілетін несиелердің пайыздық үстем ақысы жылына 6,5% құраса, несиенің өзі 20 лет жылға дейін берілетін болады» , - деп Басқарма төрағасының міндетін атқарушы өз ойын түйді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика