Өңірлер

А.Достияров: ҚДБ қарызының 80%-ы доллармен берілген (Брифинг бейнебаяны)

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Қазақстанның даму банкі» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров ҚДБ қарызының 80 пайызы доллармен берілгенін мәлімдеді.
Астана қаласы 26 Мамыр, 18:05

«Бүгінге дейін «Қазақстанның даму банкі» өте баяу дамыды. Өйткені банктен қарыз алушылардың 80 пайызы теңгемен қарыз алды, ал банктің қарыздық портфелінің 80 пайызы доллармен берілген», - дейді А.Достияров.

Оның айтуынша, ҚДБ капиталы үнемдеу жобаларын техникалық және технологиялық жағынан қаржыландырады. Бұл өз кезегінде өте пайдалы деп айта алмас едік. Сол себепті банктен қарыз алушылардың көпшілігі валюталық тәуекелге ұрынғысы жоқ.

«ҚДБ портфеліндегі жобалардың басым бөлігі нөлден басталған жобалар. Жобалау кезеңінен бастап пайдалануға бергенге дейін бірнеше жылдар кетуі де мүмкін. Тәжірибеден байқағанымыздай, осы уақытта жоба ұлттық валютаның бірнеше девальвациясын бастан кешуі әбден мүмкін», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова





Яндекс.Метрика