Өңірлер

ҚДБ аясында 27 жоба қаржыландырылды -А.Достияров

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров ҚДБ банкаралық несиелендіру бағдарламасы аясында алты қазақстандық коммерциялық банкке жыл басынан бері 45 млрд теңге бөлгенін айтты. Оның мәліметінше, 27 жобаға жалпы құны шамамен 38 млрд теңге қаржы бөлінген.
Астана қаласы26 Мамыр , 17:37

«Даму банкі банкаралық несиелендіру бағдарламасы аясында жыл басынан бері алты қазақстандық коммерциялық банкке 45 млрд теңге бөлді. Сонымен қатар машинақұрылысы, металургия, химия, мұнай-химия, азық-түлік өнеркәсібі мен өзге де салалардың 27 жобасына жалпы құны 38 млрд теңгеден астам қаражат бөлді», - дейді А.Достияров.

Сонымен қатар, ҚДБ басқарма төрағасының міндетін атқарушы брифинг барысында қазақстандық кәсіпкерлікті банкаралық несиелеу бағдарламасы бойынша коммерциялық банктердің арзан қаржыландыруына өтініш беруіне шақырды.

«Сонымен, Центр Кредит банкіне 11 млрд теңге, Цеснабанкке 10 млрд теңге, ҚазКомерцбанкіне 2 млрд теңге, Сбербанкке 11 млрд теңге, Альфа Банкіне 4 млрд теңге және Халық банкке шамамен 7 млрд теңге бөлінді», - дейді ол.

«Бөлінген қаражаттың барлығы әріптес банктер тарапынан қысқа уақытта игерілуін бақылап отырмыз. Аталмыш ынтымақтастықтан бірінші кезекте қазақстандық кәсіпкерлік пайда көреді», - дейді А.Достияров.

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика